28.01.2023, 04:18
Жаңалықтар
Ақмола облысының тұрғыны анасының шотынан 800 мың теңге ұрлап кеткен
Polisia.kz
Ақмола облысында 41 жастағы ұлы анасының шотынан 800 мың теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына 67 жастағы жергілікті тұрғынның ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Зейнеткер 2022 жылғы 24 желтоқсаннан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейінгі кезеңде оған тиесілі HalykBank-тегі шотынан 800 мың-нан астам ақша қаражаты ұрланғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің бұрын ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1982 жылы туған ұлы болып шықты.
Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды