27.01.2023, 08:55
Жаңалықтар
Доллар арзандады: 27 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Фото: vlast.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 27 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы сәл арзандап, 461,37 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 461,41 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,69 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 459 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 460 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 461,37 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 502,62 (еуро)
- RUB / KZT – 6,69 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,53 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,02 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,36 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,09 (өзбек сомы).
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 16:47
Түркия Қазақстанда әскери дрон өндіретін кәсіпорын ашатын болды: Тоқаев пен Ердоған қол қойды