$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек солтүстік өңірлерде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Фото: saratov.ru

Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік өңірлерде солтүстік циклон жырасына байланысты аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының солтүстінгінде, орталығында, таулы аудандарда 25 градус қатты аяз болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -8-10°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -1-3°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз +2+4°С болады.

Серіктес жаңалықтары