«Бала жалдамалы пәтерде сатылған болуы мүмкін»: Ажар Ғиният Тараздағы нәресте саудасы туралы
Денсаулық сақтау министрлігі осы оқиғадан кейін еліміздегі перзентхана қызметкерлерімен тиісті әңгіме жүргізілетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенат отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып, күні кеше 1,5 млн теңгеге сатылып кеткен нәрестенің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ғиният әзірге бұл істің нақты себебін, мән-жайын толық білмейтінін айтты. Бірақ, баланың биологиялық анасы перзентханадан баласымен бірге шыққанын, ал «сауда» жалдамалы пәтерде болуы мүмкін екенін желіден оқыдым дейді.
«Бес жыл бұрын осындай фактілер тіркелген кезде біз елдегі перзентханалардың бәріне бейнебақылау камераларын орнатып шықтық, психолог мамандар тағайындадық, олар баласынан бас тартатын аналармен сөйлесетін болды. Бөлім меңгерушілері әрбір бала мен ананың денсаулығынан хабардап болып отыратын. Яғни, ана мен баланың денсаулығы жақсы болса, олар 3-4 күн дегенде үйіне шығады», - дейді Ажар Ғиният.
ДСМ басшысы мәлім еткендей, Тараздағы жағдайдан кейін енді елдегі барлық перзентхана қызметкерлерімен тиісті әңгіме жүргізіледі.