25.01.2023, 16:22
Жаңалықтар
Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады
Мәйіт 24 қаңтар күні табылған
Фото ашық дереккөзден
Алматы облысы Талғар ауданының тәртіп сақшылары 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының ПБ-ге оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-да тіркелді.
1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді