Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады
Кей өңірде 28 градусқа дейін қатты аяз болады
Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 28 градус қатты аяз болуы мүмкінін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады, қар жауады. Батыстан жел соғады, түнде оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -11-13°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -3-5°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -1+1°С болады.