$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда өрт сөндірушінің отбасында үшем дүниеге келді

ТЖД басшылығы жас отбасыға қолдау көрсетіп, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берді

Алматыда өрт сөндірушінің отбасында үшем дүниеге келді
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Еламан Дәуеновтың жас отбасында Әмірхан, Әлихан және Аяла есімді үшем дүниеге келді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл - Алматы қаласы ТЖД Өртке қарсы қызмет гарнизоны үшін қуанышты жағдай. Әріптесіне қолдау көрсету үшін сәбилерді шығарып алу рәсіміне №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі екінші қарауылының жеке құрамы және өрт сөндіру қызметі басқармасының басшылығы барды.

Жас әке атанған 26 жастағы Дәуенов Еламан Қамбарұлы мемлекеттік өртке қарсы қызметте 7 жыл қызмет етіп келеді.

ТЖД басшылығы жас отбасыға қолдау көрсетіп, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берді.

Серіктес жаңалықтары