Түркия Швеция Қорғаныс министрінің түрік еліне сапарын тоқтатты
Бұған швед билігінің Құранды өртеуге жол беруі себеп болған
«Сапар барлық мағынасын жоғалтты». Сенбіде Стокгольмде Түркияға қарсы наразылық акциясын өткізуге рұқсат етілгеннен кейін Түркия бұдан былай Швецияның қорғаныс министрін күтпейтін болды.
Пол Джонсон 27 қаңтарда Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтінішін талқылау үшін Анкараға баруды жоспарлаған. Твиттерде министр оның келуін кейінге қалдыру туралы шешім Рамштейндегі кездесуде бірлесіп қабылданғанын айтты.
Түркияның қорғаныс ведомствосының басшысы Хулуси Акар Швеция билігі «Республика Президентіне жасалған жиіркенішті шабуылдарға ешқандай жауап бермеді» деп өкініш білдірді. Ал Режеп Таип Эргоданның баспасөз хатшысының айтуынша, Стокгольм «исламофобия мен жеккөрушілікті қолдап отыр».
Бұл түрік елшілігіне қарама-қарсы Құранды өртеп жібермек болған даниялық оңшыл радикалды саясаткер Расмус Палуданның әрекетіне байланысты туындаған мәселе. Сенбіде Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіруге қарсыластар да наразылық білдірді.