Қостанайда бір ай бойы комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болды
Оған анестезия үшін қолданылған препарат кері әсер еткен болуы мүмкін

Қостанайда наркоздан кейін бір ай бойы комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Костанайские новостиге» сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, балаға өзінің туған күнінде, яғни 15 желтоқсанда жоспарланған урологиялық операция жасалған. Дәл сол күні ота жасалған тағы төрт баланың анестезиядан кейін жағдайы ауырлаған.
Дәрігерлер бұған анестезия үшін қолданылған препараттың себеп болуы мүмкін деп отыр.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл препарат бір жылдан бері қолданылып келе жатыр және бұған дейін мұндай жағдай тіркелмеген. Мәселе препараттың нақты осы партиясында немесе құтысында болуы мүмкін. Нақты себебін сараптама анықтайды.
Ал 3 жасар Әмір отадан кейін өз-өзіне келместен, комаға түскен. Содан бері ол жан сақтау бөілімінде жатты. Өкінішке қарай, бүгін таңертең бала көз жұмды.
«Біздің дәрменсіз болғанымыз өте өкінішті», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.