$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бір мандатты үміткерлер Мәжілістегі 29 орынға таласады – сарапшы

Ол биылғы сайлау науқаны да жаңа сайлау шарттарымен ерекшеленетінін айтты

Бір мандатты үміткерлер Мәжілістегі 29 орынға таласады – сарапшы
Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанар Санхаева Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауына қатысты пікірін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023 жылдың 19 наурызында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қазіргі сайлаудың ерекшелігі оның аралас сайлау жүйесі бойынша өткізіліп, ұйымдастырылуында. Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша соңғы сайлау 2004 жылы өтті, бұл сайлаудың ақпараттық қамтамасыз етуді күшейту мәселесін өзекті етеді. Яғни дауыс берудің ерекшеліктері мен сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесі туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді», - деді Жанар Санхаева.

Ол атағандай, өткен сайлаудың қорытындысы бойынша партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота беру нормасы жүзеге асырылып, парламенттік оппозиция институты да енгізілген болатын.

Маманның айтуынша, биылғы сайлау науқаны да жаңа сайлау шарттарымен ерекшеленеді.

«Олардың қатарына саяси партияларды тіркеу үшін мүшелер санын қысқарту жатады, бұл іс жүзінде жаңа партиялық қозғалыстарға жол ашты. Мәселен, сайлау жарияланған кезеңде «Байтақ» және «Республика» атты екі жаңа партия тіркелген. Партияларды құрудың жаңа тәртібінен бөлек, партиялардың Парламентке кіруіне қойылатын шекті кедергі де төмендетілді. Осының бәріне бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары да қосылып, жаңа сайлау тартысы артады. Бір мандатты үміткерлер Мәжілістегі 29 орынға таласады», - деді ол.

Санхаева атағандай, өңірлік деңгейде де айтарлықтай белсенді сайлау науқаны күтіліп отыр.

«Облыс және Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының депутаттары партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да сайланады. Ал аудандық мәслихат депутаттары толықтай бір мандатты округтер болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары