$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жағдай өте ауыр»: Мемлекет басшысы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырды

Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы апат салдарымен танысты

«Жағдай өте ауыр»: Мемлекет басшысы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырды
t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшылығы Президентке жылу құбырын қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

– Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет, – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары