$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге жарна төлеуі тиіс

Егер кандидат депутаттыққа сайланса төленген жарна кері қайтарылады

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге жарна төлеуі тиіс
Фото ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Сайлау туралы» Заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен аталған заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң ОСК-ның шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленген. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Мәжіліс депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда төленген жарна кері қайтарылады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Айта кетейік, елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы көлемі 70 мың теңге болып бектілген. Осыған сәйкес, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сайлау #Мәжіліс