21.01.2023, 12:34
Жаңалықтар
Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Ол бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін
t.me/antikornews
Өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жүрген 39 жастағы азамат Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қанат Қоржыбаев Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді. Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады