Лифтіде ерсі әрекет жасаған ер адамдар: полиция қылмыстық іс қозғады
Видео әлеуметтік желіде таралған болатын

Энергетика министрлігінің қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Астана қаласының полиция департаменті бұрын әлеуметтік желілерде тараған лифтте болған оқиғаға Энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатыстылығы туралы жалған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде лифтіде түсірілген бейнежазба пайда жарияланған. Онда екі адамның ерсі әрекет жасап тұрғанын көруге болады. Видео Энергетика министрлігінің ғимаратында түсірілгені, ал ондағы екі ер адам ведомство қызметкері деген ақпарат тараған болатын.