$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зеленский Қырым үшін күресетінін айтты

Украина президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты ресейліктер, яғни Путин бұзғанын айтты

Зеленский Қырым үшін күресетінін айтты
Фото ашық дереккөзден

Украина мен Ресей бұрынғы қарым-қатынастарын қалпына келтіре алмайды, бірақ, олар Украина аумағынан кетсе, ресейліктер өз өмірлерін сақтай алады. Бұл туралы Владимир Зеленский айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Интерфакс-Украинаға сілтеме жасап.

«Ешкім қарым-қатынасты қалпына келтіруге болады деп айтпайды, бірақ олар өз адамдарының өмірін сақтап қала алады. Бұл - олардың болашағы. Біздің арамыздағы алшақтық тым үлкен, бірақ мұны жасаған олар, яғни Путин. Ол осы әрекетімен тарихта қалады», - деді Украина мемлекетінің басшысы.

Зеленский Украинаның мақсаты басып алынған аумақтарды, соның ішінде Қырымды қайтару екенін растады.

«Біздің мақсатымыз – басып алынған аумақтарымызды қайтару. Қырым - біздің жеріміз, бұл біздің тауларымыз бен теңізіміз. Бізге қару беріңіз, өзімізге тиесіліні қайтарамыз. Ресей Федерациясының бұл аумақтан шығуға әлі де мүмкіндігі бар», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары