Өткен жылы Алматыға 99 мың шетелдік келген
Былтыр әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды
Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының көші-қон полициясының мәліметінше, 2022 жылы қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99138 адамды құраған.
«Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35938 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8824-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Оның айтуынша, өткен жылы қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді.