Динара Сәтжан мен Қарақат Әбден аязды күні Астанада өзен суына түсті
Бұл күндері Астанада крещение іс-шарасына орай жаппай шомылу рәсімі өтіп жатыр
Тележүргізуші Динара Сәтжан мен ел президенті лауазымына кандидат болған Қарақат Әбден аязды күні арнайы ойылған ойықта суға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видео Динара Сәтжанның Instagram парақшасында жарияланды. Кадрда екеуінің мұзды суға түскенін, ал Қарақат Әбденнің судан шыққан соң қарда жалаңаяқ жүргенін көруге болады.
«Қарақат Әбден – 23 жылдық тәжірибесі бар морж. Біз бүгін сұхбат ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Бұл күн 18 қаңтармен, яғни крещение іс-шарасымен тұспа-тұс келді. Бұл менің алғашқы тәжірибем. Шынымды айтсам, маған ұнады. Контент үшін не істемейміз.
P.S.: ойыққа тек қауіпсіз және рұқсат етілген орындарда шомылу керек!» - деп жазды Сатжан.
Айта кетейік, 18-20 қаңтар күндері аралығында Астанада Православие шіркеулерінде крещение іс-шарасына орай жаппай шомылу рәсімі өтіп жатыр.