$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ құқық қорғау органдары ресейлік миллиардерді ұстады

Анатолий Легкодымов бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АҚШ құқық қорғау органдары ресейлік миллиардерді ұстады

Американың құқық қорғау органдары Майамиде (Флорида штаты) Ресейлік миллиардерді ұстап, қамады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ресейлік Анатолий Легкодымов – Гонконгта тіркелген bitzlato крипто биржасы басшыларының бірі. Оған қолма-қол ақшаны ұрлады деген айып тағылған.

АҚШ Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресейлік миллиардер бірден қамауға алынған.

«Легкодымов кеше түнде Майамиде қамауға алынды және бүгін Флориданың Оңтүстік округінің сотында болады», - делінген хабарламада.

Нью-Йорктің Шығыс округі прокуратурасының айтуынша, Bitzlato-ның ең ірі серіктестерінің бірі Hydra Market-тің заңсыз онлайн-алаңы болған. Оның ішінде есірткі сату, заңсыз алынған қаржылық ақпарат және жалған құжаттар туралы ұсыныстар жарияланып отырған. Криптовалютаға тіркелу үшін жеке деректерді ұсынуға қойылатын минималды талаптардың арқасында 2022 жылдың сәуірінде жабылған Hydra Market алаңының пайдаланушылары криптовалютада шамамен 700 млн доллар тапқан. Ал Легкодымов өткен жылы Майамиде криптовалютаны басқарған. 

Айыптау өкілдерінің айтуынша, криптовалютаны пайдаланушылар қаражатты заңсыз жолмен алғанын білген. Егер ресейлікке тағылған айыптар дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары