Қазақстандық нейрохирургтар қыз баланың басынан алып эхинококк кистасын алып шықты
Паразиттер денеге лас қолдан, иттерден, мысықтардан және түлкілерден жұғады
Отандық дәрігерлер қыз баланың басынан 5,5 сантимертрлік құртты алып шықты деп хабарайды Azattyq Ruhy «KAZNEURO» қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.
20 жастағы науқас 17 қаңтарда Семей жедел медициналық жәрдем ауруханасына түскен. Әу баста дәрігерлер науқаста инсульт диагнозы шығар деп күдіктенген. Бірақ компьютерлік томографиядан кейін диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталған.
«Науқас қатты басының ауыратынын, айналатынынын, жүрегінің айнитынын, құсатынын, жалпы әлсіз екенін айтып шағымданды. Ол жүре алмады. Тексере келе оған «эхинококкоз» диагнозы қойылып, бас сүйегінің трепанациясы және ісікті алу туралы шешім қабылданды. Дереу ота жасалды. Науқастың миынан дәрігерлер эхинококкты шұғыл түрде алып тастады», - деп хабарлады Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасынасының нейрохирургтары.
Бас сүйегінің трепанациясы мен ісікті алу операциясы екі сағатқа созылды. Алып паразитті жою бойынша хирургиялық араласуды Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасынасы нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері Алтай Күлтұманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жүргізді.
Мидың эхинококкты кистасы (мидың эхинококкозы) - Эхинококкты multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің ларвальды сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің табиғи ошақты паразиттік ауруы. Паразиттер денеге лас қолдар арқылы, сонымен қатар иттерден, мысықтардан және түлкілерден жұғады.