$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бір айдан соң 119-ға толар еді»: Жер шарының ең қарт тұрғыны дүниеден өтті

Оған өткен жылдың сәуірінде «Ең қарт тұрғыны» деген атақ берілген болатын

«Бір айдан соң 119-ға толар еді»: Жер шарының ең қарт тұрғыны дүниеден өтті
Фото: guinnessworldrecords.com

Әлемнің ең қарт тұрғыны, Андре әпке деген атпен танымал болған Люсиль Рэндон 119 жасқа қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Гиннестің рекордтар кітабының сайты мәлім еткендей, Люсиль Рэндон 1904 жылы 11 ақпанда Францияның оңтүстігінде дүниеге келген. Андре әжей 118 жасында, яғни 119-ға 25 күн қалғанда өмірден өтті.

Оған өткен жылдың сәуірінде, дүниеге келгеніне 118 жас 73 күн толған кезінде «Әлемнің ең қарт тұрғыны» деген атақ берілді. Андре әжейдің бұл мәртебені иеленгеніне шамамен тоғыз ай ғана болған. Бұған дейін ғаламшардағы ең қарт адам 119 жасында көз жұмған жапон әйелі Кейн Танака болған еді.

Люсиль Рэндон жас кезінде мұғалім және губернатор болған, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жетім балаларға қараған, кейіннен қарттарға да күтім жасаумен айналысқан. Ал 1944 жылы католик монахы болды.

2021 жылы Андре әжей коронавирус жұқтырған болатын. Ол үш апта бойы ауырғанымен, ешқандай симптомдар немесе жанама әсерлері болмаған.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметінше, Францияда туған Жанна Луиза Калмент (1875-1997) Жер бетіндегі ең ұзақ – 122 жыл өмір сүрген адам ретінде тіркелген. Ерлер арасынан жапон Джироэмон Кимура (1897-2013) ұзақ – 116 жас өмір сүрген.

Серіктес жаңалықтары