$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада парашютпен секіру барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты

Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған

Астанада парашютпен секіру барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Бүгін Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Әскери қызмет адам өміріне әр уақытта қауіп пен қатерге толы. Командирлер үшін өз жауынгерін жоғалту ауыр қаза болып саналады.

Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған болатын. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын.

Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады», - делінген ведомство хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары