$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Зейнетақы реформасына жол жоқ»: француздар ұлттық ереуілге дайындалып жатыр

Реформаның басты бағыты – зейнеткерлікке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін арттыру

«Зейнетақы реформасына жол жоқ»: француздар ұлттық ереуілге дайындалып жатыр

Францияда кәсіподақтардың шақыруымен және солшыл партиялардың қолдауымен 19 қаңтарда Франция көшелеріне зейнетақы реформасына наразылық ретінде ондаған мың адам шығады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еuronews.com-ға сілтеме жасап.

Марсельде акциялар ерте басталды, жүздеген демонстрант Үкімет ұсынған өзгерістерден бас тартқанын айтып, қала орталығымен жүріп өтті.

Реформаның басты бағыты – зейнеткерлікке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін арттыру. Бұл, биліктің есептеуі бойынша, қазынаға жыл сайын 10 миллиард еуро әкеледі. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларына шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Министрлер кабинеті басқа таңдаудың жоқ екенін айтып отыр.

«Фактілер айқын. Зейнеткерлер санымен салыстырғанда жұмыс істейтіндер саны азайып келеді. 2005 жылы әр зейнеткерге екі жұмысшы болды. Бүгін 1,7, ертең 1,5. Сондықтан біз зейнетақы жүйесінің балансын қалпына келтіруіміз керек», - деді Франция премьер-министрі Элизабет Борн.

Бұл ереуілдің арты жол қозғалысы мәселелерін туындатты. Ұлттық теміржол тасымалдаушысы SNCF 20-шы қаңтарға дейін пойыз қозғалысының айтарлықтай бұзылғанын жариялады.

Серіктес жаңалықтары