18.01.2023, 08:40
Жаңалықтар
Доллар тағы қымбаттады: 18 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 18 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы екі теңгеге қымбаттап, 464,09 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 462,69 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,77 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 466,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 464,09 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 502,01 (еуро)
- RUB / KZT – 6,77 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,71 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,5 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,42 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,1 (өзбек сомы).
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
