17.01.2023, 08:39
Жаңалықтар
Доллар аздап қымбаттады: 17 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото: elements.envato.com
Қазақстанның Ұлттық банкі 17 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы аздап қымбаттап, 462,69 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 462,29 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,76 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 462,5 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 462,69 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 500,63 (еуро)
- RUB / KZT – 6,76 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,63 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,78 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,4 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,1 (өзбек сомы).
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті