$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында қонаққа келген ер адам үй иесінің 2 жасар баласын мешітке апарып тастаған

Бала 12 сағаттан кейін табылды

Жамбыл облысында қонаққа келген ер адам үй иесінің 2 жасар баласын мешітке апарып тастаған

Жамбыл облысында қонаққа келген ер адам үй иесінің сал ауруымен ауыратын 2 жасар баласын мешітке апарып тастаған Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында 20 жастағы келіншек дүкенге барамын деп сәбиінен айырылып қала жаздады. Ол үйіне оралғанда мүгедек баласын таппай, жер сипап қалған.

Келіншек екі жастағы сал ауруы бар баласын шешесіне қалдырып, түнгі екілер шамасында дүкенге шыққан екен. Өзі бір жарым сағатқа кешіккен. Ал сол кезде үйге анасының бір топ танысы келіп, көңілді кеш ұйымдастырған. Бүлдіршін жылай бергесін ер адамның біреуі оны көрпеге орап, түн жарымда мешітке апарып тастаған.

Ал құлшылық үйінің азаншысы ертесіне бесін намазға келгенде жайнамазда жылап жатқан сәбиді көріп, құзырлы орындарға хабар беріпті. Ол мұнда 12 сағат жатып қалған. Бұл кезде 20 жастағы әйел дабыл қағып, іздеу жұмысына 80 полицей мен 50 ерікті жұмылдырылған еді. Күдікті баланы түн жарымда не үшін мешітке апарғанын түсіндіре алмаған. Ол ішімдік ішкеннен есімді білмеймін деп ақталып отыр. Қазір «адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. 

«Оны осы мешітіміздің азаншысы Абай Омаров деген ағамыз көріп қалады. Азан айтуға келген кезінде. Баланың үсті ашық тұрған. Тезірек курткасын алып жабады. Бірақ мешітіміз қуанышқа орай өте жылы болатын. Медицина мамандары келіп тексергенде денесінде ешқандай жарақаты жоқ, бала аман – сау», - деді Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы.

Серіктес жаңалықтары