$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды

Жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Луговой ауылындағы көшенің бойында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түсті. 

Анықталғандай, аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «УАЗ» маркалы көлігінің сол жақ тұсымен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі және жедел жәрдем көлігіндегі 24 жастағы медицина қызметкері түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша 31 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Мercedes» автокөлігінің жүргізушісінің жауапкершілігін анықтау үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары