Абай облысында қар құрсауында қалған бірнеше адам құтқарылды
Олардың арасында балалар да бар
Абай облысында қар құрсауында қалған бірнеше адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қаңтарда таңғы уақытта «112» пультіне хабарлама түскен.
«Сұлусары ауылы ауданында, Өскемен – Алматы тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалғаны және 6 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялау қажет екені белгілі болды. Оқиға орнына дереу №14 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының 3 адамы өтімділігі жоғары «КУНГ» техникасымен жіберілді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жол бойында қар құрсауында қалған жеңіл көліктердегі 7 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар. Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Қалбатау ауылына келгеннен кейін адамдар «Арнау» қонақүйіне орналастырылды.