Қазақстанда ұшақ қызметі бір жылда 17 пайызға қымбаттаған
Еліміздің кей өңірінде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асқан

2022 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда ұшақтар қызметінің бір жылда 16,8% қымбаттағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еnergyprom сайтына сілтеме жасай отырып.
«Аймақтарға бөліп қарасақ, бағаның қымбаттағанын әсіресе Баты Қазақстан облысының тұрғындары қатты сезді: бұл аймақта әуе тасымалының құны бірден 67% өскен. Сонымен қатар Абай және Қостанай облысында да баға сәйкесінше 57,3% және 43,2%-ға қымбаттаған», - деп жазады дереккөз.
Қазақстанның 20 аймағының ішінде әуе тасымалының бағасы қатты қымбаттамаған аймақтар ретінде Ұлытау мен Алматы облыстарын атауға болады. Бұл өңірлерде ұшақ бағасы сәйкесінше 20,8% және 3,9% қымбаттаған.
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстандағы әуе тасымалдау компаниялары шамамен 11 млн жолаушыны тасыған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16,5% көп көрсеткіш.