$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Барлығын видеоға түсірген»: Алматыда үш еркек жас жігітті зорлап кетті

28 жастағы жігіт «Немолчи» қозғалысының жедел желісіне хабарласқан

«Барлығын видеоға түсірген»: Алматыда үш еркек жас жігітті зорлап кетті
Фото ашық дереккөзден

Алматыда 28 жастағы жігітті 3 адам зорлап кеткені туралы «Немолчи» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы уақытымен түнгі 3:00-те #НеМолчиKZ жедел желісіне жас жігіттен хабарлама келді. Бұл бізге келіп түскен төртінші осындай хабарлама. Оның екеуі жек көруден туындаған топтық зорлық болатын. Бұл осымен осы тектес үшінші қылмыс болып отыр. Жас жігіт зорланғаннан кейін бірден сенім телефонына хат жазды, ол әлі арыз бере алмады, егжей-тегжейлі кеңес пен қолдау алғысы келді, есін жинағысы келді. Біз мұндай істерді «сүйемелдеу» деп атаймыз, олар бізге полицияға дейін хабарласады. Біз жәбірленушілермен бірге жүріп, кеңес береміз және органдарға өзіміз хабарласып, адвокат пен психолог іздейміз», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Бұл оқиғадан кейін Дина Таңсәрі Алматы қаласы Әуезов ауданының ПД бастығы Ұлан Әбілхайырға  хабарласқан.

«Олар бірден іс-шара қабылдады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл түн ұйқысыз өтті. Екі сағат қана мызғыдық. Бірақ мен жәбірленушінің таңға таман қылмыскерлерді жазалау керегі бойынша нық ұстанымы болғанына қуандым. Оқиға соңына дейін әлі зерттелмеді. Бірақ бұл жас жігітке стандартты емес жыныстық ұстанымына қатысты тапсырыс берген. Мүмкін біреулерге оның жүріс-тұрысы стандартты емес болып көрініп, гомофобтар одан өш алған шығар. Біз мұны тапсырыс деп отырған себебіміз, орындаушылар біреуге қоңырау шалып, не болып жатқанын айтып отырған. Қорқытаулар мен бейәдеп сөздер де гомофобтық сарында болған. Оған шариғат заңы бойынша өмір сүру керегін айтып, ол мұсылмандардың атына кір келтіргенін айтқан», - деді ол.

Жас жігіт оларға қарсы тұруға тырысқан, алайда үшеуі бір адамға қарсы болған.

Жәбірленушінің айтуынша, алдын ала жоспарланған қылмысқа қатысушылардың бірі оны алдау арқылы үйіне шақырған, бұл бейтаныс жігіт өзін Жандос деп таныстырған.

Бірақ ол жерге тағы екі белгісіз адам келіп, бірден зорлық-зомбылық көрсетіп, 500 000 теңге талап ете бастаған. Мұның бәрі бірнеше сағатқа созылған. Соңында олар оны өлтіреміз деп қорқытқан.

«Менің ойымша, топтық зорлауға бұрын бірнеше рет жасаған қылмыскерлер қатысады, олар ешнәрсеге қарамайды, тіпті баланы зорлауға дейін барады. Зорлаудан кейін олар жігітті банк картасынан ақша алуға мәжбүрлеген. Жәбірленушінің айтуынша, одан 100 000 теңге алған. Олар оны банкоматқа апарып, қолма қол ақша алуға мәжбүр еткен. Олардың бет-әлпетін банкомат камерасы түсірді деп үміттенемін. Сонымен қатар қылмыскерлер бұл жігітті қорлау кезінде  видеоға түсірген», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары