Ресей Соледарды басып алды ма?
Украина бұл ақпаратты жоққа шығарса, Ресей растап отыр
Ресей Қорғаныс министрлігі Соледар Ресей әскерлерінің толық бақылауына алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ге сілтеме жасап.
Министрліктің хабарламасында Соледарды толық бақылау Украинаның Бахмуттағы Қарулы Күштерін жеткізу жолдарын кесуге (ресейлік үгіт-насихат қаланың кеңестік атауын-Артемовскіні қолданады) және Украинаның сондағы әскерін басып алуға мүмкіндік береді.
Алайда бұған дейін де ресейлік тарап осы іспеттес хабарлама таратқан еді. Нақтырақ айтқанда, «Вагнер ЖӘК» басшысы Евгений Пригожин қаланы басып алу туралы мәлімдеген болатын.
Осы уақытқа дейін батыстық барлау Ресей Федерациясының күштерімен Соледарды алу фактісін растаған жоқ, бірақ америкалық соғысты зерттеу институты (ISW) өзінің соңғы қорытындысында бұл шындық болуы мүмкін екенін мойындайды.
«Ресейлік күштер Соледар аумағының көп бөлігін басқаруда және олар Украина әскерлерін елді мекеннің Батыс шетінен ығыстыра алды», - делінген хабарламада.
Алайда Украина тарапы Соледардың Ресейдің қолында екенін әлі де жоққа шығарып отыр, бірақ Ресей армиясының қарқынды шабуылын мойындайды.
Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, Соледарда өткен түні кезекті қақтығыс болды. Ресей барлық негізгі күшін Донецк бағытына жіберді, деді ол.
Украина Қарулы Күштерінің Шығыс тобының өкілі Сергей Череватыйдың айтуынша, Украинаның қарулы әскері әлі де қала ішінде.
«Шайқастар қаланың өзінде жүріп жатыр, украин күштерінің Соледардан шыққандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, онда қақтығыс жүріп жатыр. Толығырақ біз жауынгерлеріміздің тактикалық жағдайын ашпау үшін айтпаймыз. Жау күштері басым, өйткені олар осы бағытқа ең көп күшті жіберді. Бірақ біздің күштер әлі күнге дейін қаланың өзінде соғысып жатыр», - дейді Череватый.