$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерлан Саиров: Конституциялық сот «Елбасы мәртебесі» жаңа Ата Заңға сәйкес келмейтіні туралы шешім шығарды

Заң бойынша баяндаманы депутат Ерлан Саиров жасады

Ерлан Саиров: Конституциялық сот «Елбасы мәртебесі» жаңа Ата Заңға сәйкес келмейтіні туралы шешім шығарды
Фото ашық дереккөзден

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өткен жылы халықтық референдум нәтижесінде елімізде жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституцияны жақтап Қазақстан халқының 77 пайызы дауыс берді. Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды», - деді ол.

Депутат атағандай, Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеуі маңызды.

«Сондықтан Қазақстан Республикасы Мәжілісінің бір топ депутаты халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жобасын ұсынды. Өз кезегінде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы аталған мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа жүгінді. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы статусы» жөніндегі заңының еліміздің жаңа Ата Заңына сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарды. Қазақстанның қоғамдық процесінде саяси институттарға монополия құру әрекеттері өмір көрсеткендей елде саяси құндылықтарды девальвациялап, мемлекет дамуына кері әсер тигізуге қабілетті. Сондықтан мұндай олқылықтарға болашақта қоғамдық-саяси иммунитет қалыптастыру өте маңызды», - деді Ерлан Саиров.

Ол атағандай, Жоғарыда айтылғанды басшылыққа алып, саяси-құқықтық негіз жоқ екендігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы статусы» жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі заң жобасы ұсынылады.

«Бұл қадам елімізде Ата Заңымыздың нормаларын қатаң сақтауға, саяси институттарды бөтен протекциялық күштерден сақтандыруға бағытталған саяси-құқықтық акт. Конституциялық Заңның қабылдануы теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді, бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары