13.01.2023, 09:14
Жаңалықтар
Ұлыбританияда жедел жәрдем дәрігерлері ереуілге шығып жатыр
Шетел жаңалықтарына шолу
Фото: euronews.com
Жаңа жыл басталғалы Ұлыбританиядағы әлеуметтік наразылық өмірдің барлық саласын қамтып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Англия мен Уэльсте шамамен 25 мың дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушілері, диспетчерлер мен фельдшерлер ереуілге шықты. Кейбір науқастар ауруханаға өз бетінше баруға мәжбүр болған.
Кәсіподақтар бірінші санаттағы шұғыл қоңырауларға (мысалы, жүрек тоқтап қалса) жауап беру жалғасатынын айтты.
Наразылықтың себебі – үкімет ұсынған жалақының 4%-ға өсуі, ал инфляция 11%-дан асады. Келесі аптада медбикелер көшеге шығады.
Ал 1 ақпанда ереуілге 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысуы мүмкін деп болжам жасалып отыр.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
17.11.2026, 13:03
Әке-шешесінің үш қолы бар: Петропавлдағы «біртүрлі» баннер суретшінің ерекше идеясы болып шықты
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
