13.01.2023, 08:39
Жаңалықтар
Валюта бағамы: 13 қаңтарда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 13 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы сәл қымбаттап, 462,58 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 462,2 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,83 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 461, теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 462,58 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 497,58 (еуро)
- RUB / KZT – 6,69 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,63 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,62 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,4 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,9 (өзбек сомы).
Көп оқылған
07.08.2026, 12:12
Қызғаныш қасіретке ұласты: Семей тұрғыны экс-жұбайын сойылмен ұрып өлтіргені үшін 12 жылға сотталды
07.08.2026, 08:29
Тойдан кейінгі жанжал: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
07.08.2026, 09:48
«Жәбірленуші болып қаламын»: жұбайының қазасынан кейін 8 ай өткен соң үйленген Әділет Зейнел істі соңына дейін жеткізетінін айтты
07.08.2026, 16:42
Қазақстанда жалған көлік нөмірін сатып келген схема әшкере болды
07.08.2026, 15:54
Білім грантының иегерлері анықталды: тізімді қайдан көруге болады