$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайдан қауіптенген АҚШ Жапониядағы теңіз жаяу әскерін күшейтуге кірісті

АҚШ пен Жапонияның жоғары лауазымды тұлғалары кездесіп, қабылданған шешімдерді жариялады

Қытайдан қауіптенген АҚШ Жапониядағы теңіз жаяу әскерін күшейтуге кірісті
yandex.ru

АҚШ Жапонияға әскери көмек көрсететін болды. Теңіз жағалауындағы полкті кемеге қарсы зымырандармен қамтамасыз етпек. Америка мұндай қадамға Қытайдан қауіптенгендіктен барғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.   

Жапонияның қорғаныс министрі Ясуказу Хамада, Жапонияның Сыртқы істер министрі Хаяши Йошимаса, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және қорғаныс министрі Ллойд Остин шұғыл түрде кездесу өткізді.

АҚШ пен Жапонияның жоғары лауазымды тұлғалары бірлескен баспасөз жиынын өткізіп, қабылданған шешімдерді жариялады. Жапонияда кемеге қарсы зымырандарды ату мүмкіндігі бар жаңартылған Теңіз корпусының бөлімшесін орналастырады. Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің айтуынша, 12-ші теңіз жағалауындағы полк деп аталатын жаңартылған бөлім озық барлау құралдарымен жабдықталады.

«Бұл шаралар аймақтағы ұстамдылықты күшейтеді және бізге Жапония мен оның халқын барған сайын күрделі қауіпсіздік жағдайында тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді. Әскери бөлімше әмбебап, мобильді және тұрақты»- деп атады Остин.

 AP Photo

«Бұл қадам Қытайға АҚШ-тың Жапонияны тез қорғай алатыны туралы күшті сигнал жібереді және жаңа бөлім күтпеген жағдайға тез жауап бере алады» деп түсіндірді шенеуніктер. Теңіз жағалауындағы полк теңіздегі операцияларға арналған қиын бөлім саналады. Бөлімшелердің құрамына 1800-ден 2000-ға дейін әскери қызметші кіреді.

Бірлескен мәлімдеме Президент Джо Байденнің Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен Ақ үйде жоспарланған кездесуінің алында жарияланды.

Ертең екі елдің басшылары кездеседі. Остиннің айтуынша, Жапониядағы америкалық әскерлер саны өзгермегенімен, 12-ші артиллериялық полкті алмастыратын жаңа бөлімше «өлімге әкелетін, маневрлі және жауынгерлік қабілетті» болады. Оның айтуынша, әскерилерді толықтай орналастыру 2025 жылға дейін аяқталады. Бұл өзгеріс Қытайдың Тайваньға басып кіруіне жол бермеу үшін де қажет.

«Соңғы жылдары Қытайда көргеніміз... ондаған жылдар бойы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алған ұзақмерзімді статус-квоға нұқсан келтіру әрекеті болды», - деді Блинкен.

Бұл Қытайдың Тайваньға қарсы күшейіп келе жатқан әскери әрекеттеріне ескерту саналады. Соңғы апталарда Қытай тарапынан өзін-өзі басқаратын аралда ядролық қару тасымалдауға қабілетті бомбалаушы ұшақтардың санын рекорттық санға жеткізген. Остин бұл қадамдар Бейжіңнің Тайвань бұғазындағы Қытайдың әскери күшін қолдайтынын білдіреді деді.

Жапонияда АҚШ-тың 18 мың теңіз жаяу әскері тұрады. Жалпы алғанда, елде шамамен 54 000 америкалық сарбаз бар.

Жапонияның қорғаныс министрі Ясуказу Хамада Қытайды «америка-жапон альянсы үшін бұрын-соңды болмаған және ең үлкен стратегиялық сынақ» деп сипаттайтын қатаң сөздер қолданды.

 AP Photo

Хамада сонымен қатар Бейжің мен Мәскеу арасындағы «күшейтілген әскери ынтымақтастыққа» алаңдаушылық білдіріп, өткен айда Шығыс Қытай теңізіндегі жауынгерлік атыспен Қытай-Ресей әскери-теңіз жаттығуларын еске түсірді. Қорғаныс шығындары 2 млрд доллардан асып отыр. Соңғы уақыттарда Жапония мен Қытай арасындағы әскери шиеленіс күшейген. Бірлескен әскери қамамға баруға Бейжіңге бағынышты әскери кемелердің Жапония территориясына жиі басып кіруі себеп болып отыр.

Блинкен сонымен қатар екі ел ғарыш пен киберкеңістіктегі ынтымақтастықты да нығайтатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары