Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі аязды ауа райы болады
Республиканың кей өңірінде тұман түсіп, жел соғады
Синоптиктер 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, қарлы боран соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде Алматы, Түркістан облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында және Жетісу облысында өте қатты 30-33 аяз градус болады, Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында өте қатты 40 градус аяз, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-24 градус қатты аяз сақталады, Жамбыл облысында 30-33 градус қатты аяз болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -27-29, күндіз -17-19°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -15-17°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12°С болады.