$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаркентте үш айлық сәбидің пышақталуына қатысты жаңа деректер жарияланды

Жаркентте үш айлық сәбидің пышақталуына қатысты жаңа деректер жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысында үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, қара жамылған отбасының бес баласы бар. Көпбалалы ана қайғылы оқиға орын алатын күні үш айлық бүлдіршінді алты жасар баласының қарауына қалдырған көрінеді.

Сол уақытта әлі ес кірмеген бала туған қарындасына үш жерден пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған сәби үлкендер үйге жеткенше жан тапсырыпты. Отағасы жұмыста болған. Мұндай сұмдықты жасады деген баланың психологиялық ауытқуы жоқ.

«Бар көңіліміз төрт ұлдан кейін дүниеге келген қызымызға ауып кеткен соң, қызғаныштан қарындасын өлтіруі мүмкін», - дейді қара жамылған ана.

Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

«Жаркент қаласында үш айлық нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жарияланбайды», - деді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Серіктес жаңалықтары