$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсуге құжаттар қабылдау басталды

Биыл ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды

«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсуге құжаттар қабылдау басталды
Фото ашық дереккөзден

2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі 27 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.  

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.

Серіктес жаңалықтары