Үштік газ одағы: ресми ұсыныстар түскен жоқ – Әлихан Смайлов
Үкімет басшысы жуырда ғана талқыға түскен «үштік газ одағын» құру мәселесіне қатысты түсініктеме берді
Бүгін Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін Премьер-министр Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Үкімет басшысы жуырда ғана талқыға түскен Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасындағы «үштік газ одағын» құру мәселесіне қатысты түсініктеме берді.
«Қазіргі уақытта біз «үштік газ одағын» құру бойынша ресми ұсыныстар алған жоқпыз. Алғаннан кейін қарастырамыз... Қазір Ресей Федерациясымен газбен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Біз жақын арада «Газпроммен» келіссөздердің кезекті талқылауын күтеміз. Бұл қатынастардың барлығы коммерциялық және өзара тиімді шарттарға негізделетін болады. Яғни біз жұмысты екі жақты форматта жалғастырамыз», -деп жауап берді Әлихан Смайылов.