10.01.2023, 14:53
Жаңалықтар
Астана әуежайында бірнеше рейстің уақыты кейінге шегерілді
Бұған ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кешігіп келуі себеп болып отыр
Фото: inform.kz
Астана халықаралық әуежайы қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметінен хабардар етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ұшып келуге тиіс 13 рейс, ұшып шығуға тиіс 6 рейс кейінге қалдырылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кешігіп келуі себеп болып отыр. Әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады әуежайдан.
Әуежай өкілдері жолаушылардан өзекті ақпаратты call-орталықтарынан, сондай-ақ әуежайлардағы анықтама қызметтерінен біліп отыруды сұрайды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды