09.01.2023, 20:19
Жаңалықтар
Алматыдағы «Арлан» базарынан шыққан өрт сөндірілді
Өрт сөндіру жұмыстарына контейнерлердің тығыз орналасуы кедергі тудырды.
Алматы қалалық ТЖД
Алматыдағы «Арлан» базарынан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға орнында жеке құрамның 60-тан астам қызметкері, 16 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды.
«Өрт сөндіру жұмыстарына контейнерлердің тығыз орналасуы кедергі тудырды. Контейнерлерді ашу үшін арнайы апаттық-құтқару құралдары қолданылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрттің таралуы 18:40-та тоқтатылып, 18.54-те толық жойылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді