Алматыда 2 олигархтың ұлдары арасындағы төбелес тергелуде
Алматыда 2 олигархтың ұлдары арасындағы төбелес тергелуде
Алматыда 2 олигархтың ұлдары арасындағы төбелес тергелуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.
Әлеуметтік желілерде Алматының караоке-барларының бірінде болған төбелестің бейнежазбасы пайда болды.
Пайдаланушылардың айтуынша, төбелеске Қазақстандағы танымал кәсіпкерлердің ұлдары мен олардың оққағарлары себеп болған.
«Бұл факт ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Төбелеске қатысушылар анықталды және жауап алынды. Жанжалға қатысушылар алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді Алматы қаласының ПД тергеу басқармасы жүзеге асырады», - деп хабарлады полиция.