Ертең бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқуға көшеді
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 10 қаңтар күні бірқатар өңірде аяз күтіледі
10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады.
Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.
Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.
Еске сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 10 қаңтар күні бірқатар өңірде аяз күтіледі.