$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі

Алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді

Бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі
Фото ашық дереккөзден

«ҚазАавтоЖол» ҰК» АҚ таяу аптада ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жүргізушілерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесі қатып қалуы ықтимал. Осыған байланысты республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізеді.

Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, автожолдар бойынша ахуалды «1403» байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Серіктес жаңалықтары