$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бір ғана жол бөлігі жабық: республикалық маңызы бар барлық жол ашылды

«ҚазАвтоЖол» автожолдарда қозғалыстың қайта жанданғанын мәлімдеді

Бір ғана жол бөлігі жабық: республикалық маңызы бар барлық жол ашылды
Фото: altaynews

«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның 9 қаңтарда сағат 16:17-дегі мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы бір учаскені қоспағанда, республикалық маңызы бар барлық жол ашық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы тасжолында Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына 195 рет шектеу енгізілді. Жол қызметкерлері жолдарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруда. 10 мың текше метр көктайғаққа қарсы қоспа жұмсалды», - деп хабарлады компания өкілдері.

Осы уақыт ішінде бірыңғай call-орталығы республикалық бағыттарды пайдаланушылардан 40 мыңнан астам қоңырауды қабылдап, өңдеді. Қар құрсауынан 2600-ден астам көлік құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары