$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде 1 млрд теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған компания басшысы сотталды

Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды

Ақтөбеде 1 млрд теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған компания басшысы сотталды
Фото ашық дереккөзден

Экономикалық тергеу департаменті «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында 1 миллиард 491 миллион теңге салық төлемеді деп айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, айыпталушы кірістер мен шығыстар туралы декларацияға бұрмаланған деректерді енгізген, шот-фактураларды жұмыстарды нақты орындамай пайдаланған.

Алайда сотталушының өзі кінәсін мойындаған жоқ. Ол мемлекеттік сатып алумен жұмыс істегенін, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін, жалған шот-фактураларды пайдаланбағанын алға тартты. Айыпталушы соттан адвокаттың барлық дәлелдерін тексеруді сұрады.

Бірақ сот ақтау айғақтарына сенбеді және айыпталушы салық төлемегені үшін кінәлі деп танылды. Сот Болат Көшкеновті 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған адам үкім шыққаннан кейін бірден қамауға алынды. Сондай-ақ, сот оны мемлекетке 1 миллиард 491 миллион теңге шығын өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары