$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Боралдайдағы «маньяк»: полиция түсінік берді

Осы факті бойынша кәмелетке толмаған екі баладан және автобус жүргізушісінен сұрақ-жауап алынды

Боралдайдағы «маньяк»: полиция түсінік берді
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы полиция департаменті Боралдай ауылындағы "маньяк" оқиғасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Боралдай ПБ қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді автобус жүргізушісінің ұстап, жібермей қойғаны туралы фактіні тексерді. 4 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Боралдай ауылында "Сұңқар" дүкенінің жанында екі кәмелетке толмаған бала - 7-сынып оқушылары қар лақтырып, №227 автобустың алдыңғы әйнегін сындырғаны анықталды. Автобус жүргізушісі бірден тоқтап, қашып бара жатқан кәмелетке толмаған екі жасты қуып жетіп, бірін автобусқа салып алған. Жүргізуші жағдайды талқылап, олардың ата-анасын шақыртпақ болған. Бірақ аялдамалардың бірінде кәмелетке толмаған бала автобустан сытылып шығып, қашып кеткен. Осы факті бойынша кәмелетке толмаған екі баладан, сондай-ақ 1983 жылғы автобус жүргізушісінен сұрақ-жауап алынды», - делінген департамент хабарламасында.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының автобус жүргізушісіне қарсы шағымдары жоқ.

Аталған факт бойынша қылмыстық құрамның болмауына байланысты материалды номенклатуралық іске қосып, есептен шығару туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде №227 автобус жүргізушісі көшеде 13 жасар баланы ағасының көзінше жұлқылап көлігіне салып, белгісіз бағытта алып кеткені туралы жазылған болатын.

Серіктес жаңалықтары