$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады

Ал қала тұрғындары ол ғимаратқа балаларды жатқызуды құптамай отыр

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады
фото: astanatv.kz

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy astanatv-ға сілтеме жасап.

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналып салынған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай шешім қабылдап отыр. Әуежай шағын ауданындағы инфекциялық орталық 2020 жылы салынған. Коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеуге арналған нысан қазір қаңырап тұр.

Ай сайын коммуналдық төлемдерге қыруар қаражат жұмсалып жатыр. Ал балалар ауруханасындағы жөндеу жұмыстары созылып кетті. Дәрігерлер мен науқастар облыстық емхананың бір бұрышын паналап отыр. Сондықтан оларды уақытша осында орналастыруды жөн көрдік,- дейді денсаулық сақтау басқармасының басшылығы.

«Облыстық балалар ауруханасының жөндеу жұмыстары аяқталғанша осында уақытша орналастырғымыз келеді. Хирургия, травматология және жансақтау бөлімшелері көшіріледі. Өйткені қазіргі орналасқан жері медициналық талаптарға сай болмай тұр. Ата-аналар тарапынан көп шағым түсті. Ал мына жерде барлық жағдай жасалған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.

Орталықтың 3 блогына үш бөлімше көшіріледі. Жұқпалы індеттен қауіптенуге еш негіз жоқ. Бірнеше рет дезинфекция жүргізілді деп сендірді дәрігерлер. Ал қала тұрғындары ол ғимаратқа балаларды жатқызуды құптамай отыр.

«Дұрыс емес әрине. Ковидпен ауырған жерге қалай балаларды апармақ. Ауру бәрібір болады ғой. Қалады ғой».

«Қауіпті шығар. Мен маман емеспін. Бірақ сақтану керек. Кішкентай балаларды бөлек ұстау керек».

Серіктес жаңалықтары