05.01.2023, 09:50
Жаңалықтар
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан тағы бір адам көз жұмды
Елімізде бір күнде 115 адам КВИ жұқтырған
Фото: vlast.kz
Қазақстанда өткен тәулікте 115 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 1 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 14 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өкінішке қарай, COVID-19 вирусынан тағы 1 адам көз жұмды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
