30-дан аса көлік құтқарылды: Ақмола облысында Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Azattyq Rýhy

Қазір бекеттердің жанында 256 көлік тұр

30-дан аса көлік құтқарылды: Ақмола облысында Республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының полицейлері боран кезінде 30-дан астам көлікті сүйемелдеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына, қалың қар мен екпінді желдің, боранның, көрінудің шектелуіне байланысты Республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс жабылды.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында полицейлер республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, патрульдік полицияның қосымша нарядтары қойылды.

Сол күні Ақмола полицейлері Ерейментау қаласынан 32 автокөлікті сүйемелдеді.

«Қазіргі уақытта «Атбасар-Астана», «Қарағанды-Астана» жол учаскелері ашылды. «Астана-Павлодар» автожолы жабық күйінде қалып отыр. Қазір бекеттердің жанында 256 көлік тұр, оның 166-сы жеңіл, 90-ы жүк, жолаушылар көлігі жоқ. Басты міндетіміз – жол жүру кезінде жүргізушілер мен олардың жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 4 қаңтарда сағат 12:00-де «Астана-Щучинск» автожолы ашылады. Көлік құралдары патрульдік полиция нарядтарымен бірге жүретін болады», – деп атап өтті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы А.Қызбикенов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.