Өзбекстандағы балалар өлімі: Мирзиеев фармацевтикалық агенттіктің басшысын қызметінен босатты
Президент бұған жол берген жауапты тұлғалардың түгел жазаланатынын ескертті
Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның фармацевтика саласын дамыту агенттігінің директоры Сардор Кариевті қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Газета.uz сайтына сілтеме жасап.
Жұма күні өткен отырыста президент «Док-1 Макс» препаратын қабылдау нәтижесінде балалардың өліміне қатысты жағдайды қатты сынға алды.
«Самарқанд пен Қашқадарда балалардың қайтыс болуы саланың жай-күйін, бақылаудың жоқтығын көрсетті. Бүгін мен Кариевті фармацевтикалық агенттіктің басшысы қызметінен алып тастадым. Бұған жол берген барлық жауапты тұлғалар заң алдында жауап береді», - деді президент.
Айта кетейік, Үндістанда жасалған «ДОК-1 Макс» сиропын қабылдағаннан кейін 20-ға жуық бала қайтыс болды.